27 қазан күні Қазақстанда 422 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның басым бөлігі (274) – Covid тесті теріс нәтиже берген, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға (U07.02) шалдыққандар. Өткен тәулікте вирус жұқтырғаны Covid тестімен расталған (U07.01 коды) 148 науқас анықталған.
Бір күнде 6 адам қайтыс болған: коронавирус жұққаны тестімен расталған науқастар арасында - 5 адам өлімі, коронавирус пневмониясына шалдыққандар арасында 1 адам өлімі тіркелген.
Індет басталғалы елде барлығы 148 037 адамға коронавирус жұққан: 110 832 адамға коронавирус жұққаны тестімен расталған, қалған 37 205 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан.
Ресми мәлімет бойынша, елде пневмонияның жалпы түріне шалдыққандар жазда күрт көбейген.
Наурыз айынан бері коронавирустан кемінде 2 231 адам қайтыс болған (1835-і - коронавирустан, 396-ы - коронавирус пневмониясынан көз жұмған).
Қазір 3 114 адам коронавирустан емделіп жатыр, 275-і - бала. Стационарда - 2 267, амбулаторлық жағдайда 847 адам емделіп жатыр. 126 адамның жағдайы - ауыр, 12 адамның жағдайы - өте ауыр, 15 адам жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.