09 қыр, 2020 сағат 07:45

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы тіркелді

9 қыркүйекте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 жағдай тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 372 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 28 228, 316 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 546 жетті.