Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясын 266 адам жұқтырғаны анықталды. 1 адам аталмыш дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 9 адам сауығып кетті.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап пневмониямен ауырғандар саны 34 143 адамды құрады. 362 адам қайтыс болып, 27 572 науқас жазылып шықты.