26 там, 2020 сағат 07:52

Өткен тәулікте елімізде пневмониядан 7 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сайт таратқан ақпарттарға қарағанда, 26 тамыздағы мәліметтер бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 781 жағдайы тіркелді, 7 адам қайтыс болды, 351 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бастап ауырғандар саны - 23 543, қайтыс болғандар – 268, жазылып шыққандар саны 4 901 жетті.