30 там, 2020 сағат 08:15

Өткен тәулікте 543 адамнан коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония анықталды

Сoronavirus2020.kz сайты 30 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 543 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 32 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 25 658 адам дертке шалдығып, 284 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 549 жетті.