17 нау, 2021 сағат 09:50

Өткен тәулікте 2 нәресте санавиациямен шұғыл ауруханаларға жеткізілді

Өткен тәулікте «Қазавиақұтқару» тікұшақтарымен 5 адам, соның ішінде екі 2 сәби ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

16 наурызда ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» өндірістік-диспетчерлік қызметіне ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан науқастарды шұғыл тасымалдауға көмек көрсету үшін 5 жедел өтінім түскен. 

Елдің 5 өңірінде тұрақты орналасқан жерінен шақыртуға Eurocopter ЕС-145 және КА-32А11ВС әуе кемелері лезде ұшып шыққан. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында Ақжар ауылынан жаңа туған нәрестені, Ка-32А11ВС әуе кемесімен Алматы облысында Үшарал қаласынан әйелді, Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан нәрестені, Павлодар облысында Екібастұз қаласынан қарт ер адамды және Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан қарт әйелді тасымалдады. 

«Барлық науқастар жедел медициналық көмек көрсету үшін ауруханаларға жеткізілді.

Науқастарды тасымалдау бойынша барлық ұшулар Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медицина қызметкерлері мен «Қазавиақұтқару» Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациялық құтқару бөлімшесі ұшқыштарының үйлесімді жұмысының арқасында күндізгі уақытта және оқыс оқиғасыз сәтті аяқталды», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» баспасөз хатшысы Алмаз Ғабдуллин.