02 нау, 2022 сағат 18:31

"Отбасы банктегі" депозит бойынша мемлекеттік сыйақы тоқтатылған жоқ - министрлік


Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын іске асыру мәселесі жөніндегі заң жобасынан "Отбасы банкінің" салымдары бойынша мемлекеттік сыйақының күшін жою туралы норманы алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық экономика министрлігі бұл түзетуді "Ашық НҚА" сайтында жариялаған болатын. Ұсынылған нормалардың бірінде "Отбасы банк" салымшылары үшін мемлекеттік сыйақы төлемдерін тоқтату көзделген.

ҰЭМ мәліметінше, министрлікте 1 наурызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Отбасы банк" салымдарына мемлекеттік сыйақыны алып тастау туралы ұсынысы қаралған.

"Биыл 2 наурызда мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы талқылау қорытындысы бойынша бұл түзету заң жобасынан алып тасталды", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілі.