Фото: ҚР ТЖМ
ТЖМ Абай облысындағы өрт туралы кейінгі деректерді жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға тартылған күштер мен құралдар 4 учаскеде өртті сөндіріп жатыр.
"Бүгін таңғы сағат 6.00-дан бері барлығы 214 рет көлемі 600 тонна су шашылды. Өрт басталғалы бері барлығы 2100-ге жуық рет көлемі 6 000 тоннадан аса су шашылды", - делінген ведомство хабарламасында.