Оралда түнгі клуб маңында төбелескен ресейліктер Қазақстаннан шығарылады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Бүгін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Заңның 28-бабы негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін төбелеске қатысушыларды республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, оқиға 30 қыркүйекке қараған түні болған. Полицейлер камералардың көмегімен Оралдағы түнгі клубтардың бірінің маңында ер адамдар төбелескенін байқаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Ресей азаматтары мас күйде болған.