17 қар, 2022 сағат 11:37

Оралда Ресейден келген жүздеген этникалық қазақ қандас мәртебесін алды


Оралда Ресейден келген жүздеген этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді. Биыл тарихи Отанына көшкісі келгендер саны айтарлықтай артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

Марат Аймұхамбетов Оралға Орынбор облысынан келген. Компьютерлік графика суретшісі тарихи Отанының қарқынды дамуын көптен бақылап келе жатқанын айтады. Форум арқылы көшу үшін қажетті ақпаратты жинаған.

"Мен осында көшуді жоспарлап жүрген едім, бірақ қыркүйекте шекара жабылып қалуы мүмкін деген қауесеттер көп болды. Бұл көшуіме мүмкіндік болар деп ойладым", - дейді Марат Аймұхамбетов.

Ер адам әйелімен көшіп келген, Қазақстанда тек алыс туыстары бар. Марат шетелдік компанияда қашықтан жұмыс істейді және жергілікті телеарнаға жұмысқа орналасқан.

"Мен қандас мәртебесін алуға өтініш беруді жоспарлап отырмын. Бірақ менің жалақым жақсы болғандықтан және төлемдерді мемлекет қамтамасыз етеді, оны жағдайы төмен адамдарға қалдырған дұрыс деп ойлаймын", - деді Марат.

Тарихи Отанына көшуге ниет білдірген этникалық қазақтардың саны айтарлықтай өсті, дейді облыс билігі.

"Жыл басынан бері БҚО-да 232 этникалық қазақ қандас мәртебесін алуға өтініш білдірсе, оның 218-і Ресей азаматтары. Биыл біз қандастарды қолдау орталығын аштық, онда адамдар әлеуметтік, психологиялық және заңгерлік көмек ала алады, сонымен қатар мемлекеттік тілді үйрену курстары да ұйымдастырылады", - деп түсіндірді Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Күшкінбаев.