Орал қаласына қарасты Зашаған кентінде есірткіге масайған жүк көлігінің жүргізушісі үш баланы қағып кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, 19 қыркүйек түскі сағат 14:10 шамасында ГАЗ-53 автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші 30 мектептің жанындағы аялдамада 3 кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан 2009, 2010, 2011 жылғы кәмелетке толмаған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық сараптама барысында жүргізуші каннабиноидтарды (марихуананы) пайдаланғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.