13 ақп, 2020 сағат 10:30

ОПЕК шикі мұнай өндірісін 0,5 млн баррельге азайтады

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) 2020 жылы шикі мұнай өндірісін қысқартады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" АҚШ энергетикалық ақпараттар басқармасына (EIA) сілтеме жасап.

«EIA осы жылдың ақпан айына жасаған қысқа мерзімді энергетикалық болжамында (Short-Term Energy Outlook) 2020 жылдан бастап шикі мұнай өндіруді наурыз айынан мамыр айына дейін тәулігіне 0,5 млн баррельге азайтады деп болжап отыр. Болжамға сәйкес, орта есеппен 2020 жылы тәулігіне 28,9 млн баррель мұнай өндірілмек, бұл қаңтардағы болжамға қарағанда 0,3 млн аз», - делінген хабарламада.

Жалпы, EIA бағалауынша, ОПЕК мұнай өндіруді 2020 және 2021 жылдары шектейді.