11 қыр, 2024 сағат 16:44

Опасыздық жасады деп сотталған Сыроежкинге Тоқаев рақымшылық жасады

Фото: qmonitor.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен белгілі қытайтанушы ғалым Константин Сыроежкинді рақымшылықпен босатты, деп хабарлады саясаттанушы Андрей Чеботарев.

"Өткен жаздан бері жақсы жаңалық! Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы рақымшылық мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықпен белгілі қытайтанушы ғалымды, саяси ғылымдардың докторы және профессор Константин Сыроежкинді рақымшылықпен босатты. Осыған байланысты оның соттылығы жойылып, құқықтары қалпына келтірілді. Жалпы, әділдік орнады! Әріптесімізге және ұстазымызға мықты денсаулық пен жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін!" - деп жазды Чеботарев сәрсенбіде Telegram-арнасында.


Еске салайық, 2019 жылдың 7 қазанында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Сыроежкин мемлекеттік опасыздық жасады деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сыроежкин 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болған.

Кітаптары:

"Казахи в Китае: очерки социально-экономического и культурного развития"; 
"Современный Синьцзян и его место в казахстанско-китайских отношениях";
"Казахстан-Китай: от приграничного сотрудничества к стратегическому партнерству", 
"Нужно ли Казахстану бояться Китая: мифы и фобии".