10 қар, 2020 сағат 11:42

Оңтүстік Кореяда көз жұмған қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Оңтүстік Кореяда көз жұмған 22 жастағы қазақстандықтың денесіне елге жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл мәселе бірінші күннен бастап біздің елшіліктің бақылауында болды. Кеше бәрін шештік. Біздің отандасымыздың денесі Қазақстанға жеткізілді. Алматыда ұшақ таңертең қонды. Бүгін түстен кейін Шыментке жеткізіледі», - деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Оның айтуынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында аптасына бір рет қана ұшақ қшады. 

«Мәселе біздің Сеулдегі консулдықтың күш салуымен және Эйр Астана әуе компаниясының қолдауымен шешілді. Дипломаттар қайтыс болған жігіттің туған-туыстарымен хабарласып отыр», - дейді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, өткен айда да Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 2 азаматы қайтыс болған еді. Жергілікті полицияның қазақстандықтарға дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, олар жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан алған жарақаттан қаза болған. Аталған жағдайлар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.