21 қыр, 2023 сағат 12:13

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда 18-қабаттан құлап кетті - БАҚ

Фото: wallpaperscraft.ru

Оңтүстіккореялық БАҚ тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан құлап кеткен қазақстандық азаматтың қайтыс болғанын хабарлады, - деп жазады Tengritravel.kz порталы.

47 жастағы А. есімді азамат Кимхэ қаласының Квандон ауданындағы 18-қабаттағы пәтердің төбесіне бояу жұмыстары үшін қорғаныс жолағын орнатып жатқаны анықталды.

Болжам бойынша, ол қауіпсіздік жолағын орнату кезінде шалынып, құлап кеткен. Қазақстандық азамат оқиғадан кейін бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Қазақстан азаматы елде заңсыз жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін. Онымен бірге 50-ге жуық адам жұмыс істейді.

Кореяның Еңбек министрлігі жазатайым оқиғаның мән-жайын, соның ішінде "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы" заңның бұзылуын, ал полиция жұмыс орнындағы жазатайым адам өлімі фактісін тексеріп жатыр.