Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Шөкеев облысты 2019 жылдың ақпанынан бері басқарды. Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің отставкаға кетуге өтініш бергені хабарланған еді.
Өмірзақ Естайұлы 1964 жылы 12 наурызда Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян қаласында дүниеге келген.
Ол Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы АӘК ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері; ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі; ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ОҚО әкімшілігі басшысының орынбасары болды. Әр жылдары ҚР экономика министрі; ҚР экономика және сауда министрі; ҚР премьер-министрінің орынбасары; "Банк Туран-Әлем" ЖАҚ басқарма төрағасы болды"; ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ Қостанай облысының әкімі, Астана қаласының әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. 2007 жылы тамызда Шөкеев Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылдан 2017 жылға дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқарды.