Қазақстан Ұлттық Банкі ÓMIR SHEJIRESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
Монеталардың қай күні сатылымға шығатыны туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.
ÓMIR SHEJIRESI коллекциялық монеталары туралы
Номиналы 777 және 7 777 теңгелік алтын жалатылған ÓMIR SHEJIRESI коллекциялық күміс монеталары «Сиқырлы нышандар» сериясын жалғастырады. Әдеттегі стандартқа жатпайтын номиналдардың сандық белгілері монета өндірісінде алғаш рет қолданылып отыр.
«ÓMIR SHEJIRESI» (өмір шежіресі) – түркі халықтарының өнерінде жиі кездесетін нышандардың бірі, екі әлемнің – Жер мен көктің шартты-символикалық өзара байланысын білдіретін шежірелік жазу. Көне түркілердің дүниетанымында өмір ағашы жерді тамырымен ұстап тұрған, ал тәжі аспанды ұстап тұрған, онда Күн мен жарықтың символы ретінде алтын жұмыртқа салатын қасиетті Самұрық құс өмір сүрген.
Монеталардың сипаттамасы
Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы ою-өрнек бетінде бейнеленген. QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазуы айналдыра жазылған. Төменгі бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотипі) мен массасы 777,5 грамдық монетада – 7777 TEŃGE, массасы 31,1 грамдық монетада – 777 TEŃGE жазуы бар. Монеталардың жоғарғы бөлігінде – соғылған жылын білдіретін «2021» жазуы, сол және оң жағында – дайындалған металды, сынамасы мен монеталардың салмағын білдіретін жазулар көрініс тапқан. Жоғарғы бөлігінде – ÓMIR SHEJIRESI жазуы бар.
Монеталардың реверсінде өмір ағашы мен алтын жұмыртқаның стильдендірілген бейнесі орналасқан. Төменгі бөлігінде «ÓMIR SHEJIRESI» деген жазба бар.
Монеталар:
- 925/1000 сынамды күмістен дайындалған; массаcы – 777,5 грамм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 7 777 теңгелік, таралымы – 500 дана;
- 925/1000 сынамды күмістен дайындалған; массаcы – 31,1 грамм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 777 теңгелік, таралымы – 7777 дана;
Монеталар олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.