07 мау, 2023 сағат 16:28

"Өмір деген жизнь" - Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік туралы

Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық жастардың әскерден қашуын тәрбиедегі олқылықпен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық жастарды көңіл көтеру орындарынан әскерге әкетіп жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрі осыған қатысты түсініктеме берді.

"Менің ойымша, бүгінде барлық проблема тәрбиеде... Баланы өзі, отбасы мен отаны үшін жауапкершілік ала алатын ер азамат етіп тәрбиелеу керек. Ал егер ол түнгі клубта демалып жүрсе, онда ол ер азамат емес", - деп санайды Жақсылықов.

Айтуынша, Қорғаныс министрлігі армиядағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін бар күш-жігерін салып жатыр.

"Өмір деген жизнь. Өмірде бәрі болады. Мен сіздерге бір ғана нәрсе айтқым келеді: адамдармен жұмыс істейтіндер бұл өмірде ештеңеден сақтандырылмаған. Бірақ Қарулы күштер басшылығы негативті жағдайларды болдырмас үшін барлық шараны қолға алып жатыр", - деп сендірді министр.

видео: Tengrinews.kz