Фото: Almaty.tv
Астанада оқушысы баспалдақтан құлаған №14 мектептің директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұл дерекке қатысты 19 қыркүйекте Сарыарқа аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
№14 мектеп-гимназиясының директоры оқиғаға байланысты қызметінен босатылды", - дейді ведомство өкілдері.
Әкесі Бекжан Қожамқұловтың айтуынша, баланың жағдайы ауыр. Ал дәрігерлер болса, балаға хирургиялық емнің қажеті жоқ дейді.