Кезекші сыныпта оқитын 73 балада індет анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 184 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныпта оқитын 73 балада анықталды. Сәйкесінше, байланыста болған 1 012 адам белгілі болды, олардың арасында он адамда індет анықталды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, қашықтан оқып жүрген балалар арасында індет жұқтырудың 111 оқиғасы тіркелді. Олар бойынша қарым-қатынаста болған 317 адам анықталып, КВИ-дің 19 фактісі белгілі болды.