10 қаң, 2023 сағат 13:44

Оқушы қыздар төбелесі: арнайы комиссия құрылды

коллаж: Tengrinews.kz

Жетісу облысының әкімдігі Талдықорғанда оқушы қызды ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, оқиға Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде сабақтан тыс уақытта болған.

"Облыс әкімдігі білім басқармасының, құқық қорғау органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Олар оқитын мектептің тәрбие жұмысына тексеру жүргізіледі. Зардап шеккен қызға барлық қажетті психологиялық көмек көрсетіледі. Дене күшін көрсеткен қыздарды одан әрі оқыту мәселесі қаралатын болады", - деп хабарлады өңірдің білім басқармасы.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша әкімшілік іс жүргізу басталғаны атап өтілді.