Нұр-Сұлтан полицейлері "ӨКМ Операторы" ЖШС топ-менеджерінің өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, Р.Д. Шәмшиевтің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Соталды тергеу барысында істің барлық мән-жайын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", - деді елордалық ПД өкілі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.