Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халыққа жылына 4 пайызбен автонесие берудің жаңа бағдарламасын әзірлеуді қарастырып жатыр. Бұл туралы "Хабар" телеарнасындағы "Большая неделя" ток-шоуында индустрия және инновациялық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 21 қаңтарда министрлік 100-ге жуық адамнан тұратын жұмыс тобымен, бизнесмендермен, белсенділермен және жұртшылықпен кездесті.
"Келесі аптада әр сектор бойынша жұмыс бастаймыз (кәдеге жарату төлемі бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау), яғни кабельді-өткізгіш өнім бөлек, автокөлік өнеркәсібі бөлек, ауыл шаруашылығы техникасы бөлек. (...) Қандай да бір санаттар бойынша 20 пайызға дейін, Қазақстанда өндірілмейтін қандай да бір санаттар бойынша 30-40 пайызға дейін мөлшерлемелерді азайту талқыланып жатыр", - деді ол.