Фото: inbusiness.kz
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Н. Әлтаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін экс-вице-министр, бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінгені белгілі болған еді.