25 жел, 2020 сағат 13:19

«NurOtan»-дықтар Сүткент ауылының тұрғындарымен кездесті

Түркістан-Шардара. Бүгін «NurOtan» партиясынан Шардара аудандық мәслихатына кандидаттар «Есіктен-есікке» шарасы аясында Сүткент ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.   

Тұрғындармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтылды. Сонымен бірге үміткерлер ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

 – Сүткент ауылы аудан орталығынан шалғайда орналасқан. Дегенмен мұндағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жақсы шешімін тапқан. Таяуда ауылға табиғи газ берілді. Жаңадан саябақ салынды. Дейтұрғанмен ауылда мәселе жоқ деп айта алмаймыз. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында түйіткілді мәселелерді анықтап, жазып алдық. Алдағы уақыттары сол мәселелердің оң шешімін табуға ықпал етеміз. Біздің мақсатымыз – ауылды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, - дейді «NurOtan»-дықтар.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.