видеодан алынған кадр
Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына үкім шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Нұрлан Мәсімов мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евковичтің қылмыстық ісі бойынша сот процесі аяқталды.
Еске сала кетсек, Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") және 189-бабы ("Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған шетелдік мүлікті иемдену немесе жымқыру") бойынша айып тағылған. Кәсіпкер Евгений Евкович 28-баптың 5-бөлігі – 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы ("Ерекше ірі мөлшерде пара беруге көмектесу") бойынша айыпталса, Мәсімовке сонымен қоса 92-бап – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" айыбы артылған.
Айыптаушы тараптың мәліметінше, полиция департаментінің басшысы өзінің орынбасарымен бірлесіп 90,3 миллион теңге көлемінде мүлік түрінде пара алған.
2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі артиллериялық техниканы сатып алуға конкурс жариялаған кезде Павлодар облысының полиция басшылығы оған олардың досы Евкович міндетті түрде қатысуы керек деп есептейді.
Ал көп ұзамай кәсіпкер мен павлодарлық тәртіп сақшыларының арасында 607,5 млн теңгеге сауыт, қалқан, амортизатор, резеңке таяқтарды сатып алуға келісім-шарт жасалады.
Айыптаушы тараптың ақпартына сүйенсек, шарт жоғары бағамен жасалған, өйткені іс жүзінде кәсіпкер барлық арнайы техниканы сатып алуға 184 млн жұмсаған. Яғни, мемлекет қаржысынан 423 млн теңге ұрланған. Алайда Нұрлан Мәсімов тағылған айыппен келіспеді.