30 жел, 2021 сағат 12:14

Нұрлан Қылышбаевтың Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары палатаның жалпы отырысында тиісті қаулыға дауыс берді. 

«Нұрлан Наурызұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш білдірді. Орталық сайлау комиссиясы бұл өтінішті қарап, Сенатқа тиісті ұсыныс енгізді», - деді Палата спикері Мәулен Әшімбаев. 

Сенат төрағасы оның сенатор ретіндегі еңбегі туралы қысқаша мәлімет берді.

«Нұрлан Наурызұлының Алматы облысынан бес жылдан астам депутат болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ол Сенаттың заң шығару жұмысына, өңірлердің мәселелерін шешуге белсене қатысып, палата қызметіне өз үлесін қосты. Комитет жұмысын тиімді ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді. Сондықтан Нұрлан Наурызұлының депутаттық қызметі үшін алғысымызды білдіреміз», - деді Мәулен Әшімбаев.