Нұргүл Мауберлинова Президент Әкімшілігіндегі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
Нұргүл Мауберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және ҚазТұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетінде білім алған.