Нұргүл Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Мауберлинова Нұргүл Серікбайқызы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Нұргүл Мауберлинова 1973 жылы қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.
2006-2008 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшысы.
2008-2012 жылдары - ҚР премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.
2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2016-2018 жылдары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.
2018-2019 жылдары - ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары.
2019-2020 жылдары - ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.
2020 жылы мамырдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Мауберлинова Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын. Ол 2020 жылдың мамырынан бастап Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімін басқарды.