11 там, 2021 сағат 14:38

Нұр-Сұлтанда жұмысшылар жаппай төбелес шығарды


Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында жұмысшылар төбелес шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында құрылыс нысанында жұмысшылардың төбелесіп жатқаны түсірілген видео анықталған.

Оқиға 6 тамыз күні күндіз Ш.Қалдаяқов көшесінің бойындағы құрылыс нысанында болған. Құрылысшылар арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан.

Төбелеске қатысушылардың барлығының аты-жөні анықталып, полицияға жеткізілді.

«Оқиға болған уақытта полицияның 102 нөміріне ешкім қоңырау шалмаған. Анықталған жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр»,-делінген хабарламада.