Нұр-Сұлтанда заңсыз майнинг фермасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінен заңсыз майнинг дерегін анықтады.
"Майнингке арналған 56 құрал-жабдық, ақшалай санағанда 237 000 доллар болатын криптовалюта табылды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.