19 нау, 2020 сағат 13:40

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталды

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған туған-туыстары мен ұшақта бірге келген адамдардың бәрін анықтау жұмысы аяқталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдарды, яғни отбасы мүшелерін және ұшақ бортында екі орындық бойынша қашықтықта болғандарды анықтау жұмысы аяқталды. Қазірге дейін Нұр-Сұлтан қаласының стационарларына 138 адам ауруханаға жатқызылды. Елордадан шығып кеткендер өңірлердегі ауруханалар мен инфекциялық стационарларға жатқызылды», - деді басқарма басшысы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында. 

Сәуле Қисықова сонымен қатар 323 адам үй карантиніне жатқызылғанын жеткізді.

«Бүгінгі күні коронавирус инфекциялық жұқтырудың тағы жеті жағдайы тіркелді. Бұл – бұрын коронавирус анықталған адамдармен байланыста болған адамдар. Олар бірден үй карантиніне оқшауланып, олармен лабороториялық зерттеу жүргізілді», - деді ол.