Германиядан, Ресейден және Польшадан Қазақстанға ұшып келген ұшақтардың жолаушыларына 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға өтініш жасалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Осы жылдың 10 наурызында сағат 02:45-те Франкфурт-Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып келген №0646 рейстің жолаушыларынан 1406 немесе 103 нөмірлеріне қоңырау шалуларын өтінеміз. Ауруға шалдыққандар саны - 6 адам. Олар медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауымен карантинде жатыр», - делінген ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram парақшасындағы хабарламада.
Сондай-ақ, 12 наурыз күні сағат 06:10-да «Мәскеу-Нұр-Сұлтан» бағытында қатынаған №SU-1956 рейсінің және 10 наурыз күні Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы №195 рейсінің жолаушылары да 1406 немесе 103 нөмірлеріне хабарласулары қажет.