20 нау, 2020 сағат 14:18

Нұр-Сұлтан мен Алматыда барлық көлік тұрақтары тегін болады

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында барлық көлік тұрақтары тегін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында автокөлік тұрақтары тегін болады. Алматының қалалық тұрақтарында 21 наурыздан бастап ақы алынбайды. Ақылы тұрақтар тұрғындардан ақыны 15 сәуірге дейін алмайды», - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, 19 наурыздан бастап аталмыш екі мегаполисте карантин енгізілді. 16 наурызда ел бойынша төтенше жағдай жарияланды. 

Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның ішінде Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда - 25 және Қарағандыда - 2 жағдай тіркелген.