01 ақп, 2022 сағат 10:20

«Nur Otan» саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы жарияланды


«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" партияның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Кеше партияның Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамы бекітілді" - делінген хабарламада.

Саяси кеңес Бюросының жаңа құрамы:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы;
  • Мәулен Әшімбаев - Парламент Сенатының төрағасы;
  • Ерлан Қошанов - Президент Әкімшілігінің басшысы;
  • Ерлан Саиров – Мәжіліс депутаты;
  • Дархан Қыдырәлі - "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы;
  • Аббат Өрісбаев - Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты;
  • Ләззат Қалтаева - Сенат депутаты;
  • Геннадий Зенченко - "Зенченко және К" КТ директоры;
  • Элина Паули - "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары.

Айта кетейік, Саяси кеңес Бюросы - партияның басқару органы. Бюро съездер мен саяси кеңес отырыстары аралығындағы партия жұмысына басшылық жасайды, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді қарайды.