19 қаң, 2022 сағат 17:43

«Nur Otan» партиясының съезі өтетін күн белгілі болды

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтетін күн белгілі болды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді», - деп жазды ол Twitter-де.

Бұған дейін Байбек партияның кезектен тыс съезіне дайындықты бастағанын хабарлаған болатын.