«Nur Otan» партиясы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 1,5 мыңнан астам алматылық отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматыда партия мүшелері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуде. Бір жарым мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар оқушы сөмкесі мен веб-камералар берілді.
«Менің төрт балам бар, кіші ұлым биыл нөлінші сыныпқа барады. Барлығын кеңсе тауарларын сатып алу үшін біршама ақша кететін еді. Сондықтан партиялықтардың көмегі маған үлкен қолдау болды. Олар балаларыма кеңсе жабдықтарымен қатар, планшет сыйлады. «Nur Otan» партиясына қиындықта жалғыз қалдырмай, балаларды мектепке жинауға көмектескен үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», - дейді көпбалалы ана Жанар Найзағараева.