27 қаң, 2022 сағат 13:50

«Nur Otan» мүшелері жаңа көшбасшыны сайлап, жарғыға өзгерістер енгізеді


«Nur Otan» кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter парақшасында мәлімдеді.

«Nur Otan" саяси кеңесінің қаулысымен (жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI съезінің келесі күн тәртібі бекітілді: 1. Партия төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы», - деп жазды Байбек.

Съезде «Nur Otan» партиясының қазіргі басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен босатылып, орнына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болады деп жоспарланған.

Айта кетері, «Nur Otan» партиясының XX съезі 2020 жылдың қарашасында өтті.