14 жел, 2023 сағат 16:04

Неге 150 мың қазақстандық қол қойған петицияның күші болмайды?

Фото: depositphotos.com

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров 150 мыңнан аса дауыс жинаған петицияның неге күші болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Онлайн петиция 2024 жылдың сәуірінен бастап заңды күшіне енеді, өйткені заң қазанда қабылданды. Қабылданғаннан кейін 6 айдан соң күшіне енеді. Сәуірден бастап петиция беруге барлық заңды негіз болады. Қазіргі уақытта бұл заңмен реттелмеген және қарастырылмайды", - деді Қадыров Сенат отырысында.

Оның айтуынша, 150 мың дауыс жинаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияның Қазақстанда заңды күші жоқ.

"Әр азаматтың дауысы өте маңызды екенін түсінуіміз керек. Адам "eOtinish" (азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну платформасы – еск.) арқылы өтініш беруге құқылы. Сәуірде петицияға арналған платформа жұмыс істей бастайды, сол кезде қазақстандықтар өздерінің заңды құқықтарын пайдалана алады", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.