10 нау, 2022 сағат 00:15

Назарбаевтың Түркияға не үшін барғаны белгілі болды


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анталия қаласына барды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті. 

«Елбасы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді» деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Анталия дипломатия форумы - ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын дискуссия алаңы. Биылғы форум «Дипломатияны қайта кодтау» тақырыбында өтпек.