25 ақп, 2022 сағат 16:30

Назарбаева өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді


Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Мәжіліске енгізілді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы қаулы шығарды", - делінген ОСК ақпаратында.

Қаулы мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.