13 қаң, 2022 сағат 13:47

Әлия Назарбаева Алматы трагедиясына қатысты пікір білдірді


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева Facebook-парақшасында елдегі тәртіпсіздіктер туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Назарбаева Қазақстандағы қайғылы оқиғалар жүрегіне батып, уайымдатып отырғанын жазған.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендерге қалай қайғырып отырғанымызды жеткізер сөз жоқ. Қаза болғандардың отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл ауыр сабақ бәріміз үшін тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Бейбіт заманда адамдар өлгені дұрыс емес. Мені қолдап жатқандарыңызға рақмет. Және қазіргі уақытта әкеме моральдық қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Осы күндері әр өңір тұрғындарынан көптеген хабарлама келіп жатыр", - деп жазды Әлия Назарбаева.

Ол Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тіледі.