Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университеті алдағы уақытта өз-өзін қаржыландыруы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы 24.kz арнасына сілтеме жасап.
«Қазір өңірлерді аралап жүрмін. Ол жақтағы университеттердің жағдайлары өте нашар. Мойындауымыз керек. Сондықтан бұл механизмді тауысу керек. Осы жылдан бастап біздің басым бағытымызды өңірлік университеттерге бағыттаймыз. Назарбаев университетіне беріп жатқан жылдық бюджетіміз қысқартылады. Осы жылдан бастап біз қысқартамыз. Неге десеңіз, Назарбаев университетінің өзіндік қорлары бар. Өте мықты қорлары арқылы ақырындап, өз-өздерін қаржыландыруға көшуі керек», - деді Саясат Нұрбек Бетпе-бет бағдарламасында берген сұхбатында.
Министр «біз енді бүкіл күшімізді өңірлік университеттерге салатын боламыз» деп мәлім етті.