Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургке келді. Ол ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде хабарлады.
«Елбасы Ресей Федерациясы Президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін келді», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен баратындығы туралы хабарлаған болатынбыз.