Нұрсұлтан Назарбаев партия өкілдерін Мәжіліс сайлауына дайындықты белсенді жүргізуге шақырды. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы өкілдеріне Конституцияда көрсетілген мерзімде өтетін Мәжіліс сайлауына дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды»,-деп жазды Айдос Үкібай.