Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Арыс тұрғындарының тағдырына алаңдаулы екенін білдірді, – деп хабарлайды ҰлтАқпарат.
Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.
«Бүгінгі күндері барлық қазақстандықтар Арыс қаласының тұрғындарының қайғысын қақ бөлісіп, алаңдауда. Нұрсұлтан Назарбаев төтен жағдайдың салдарынан зардап шеккен Арыс тұрғындарының тағдырына алаңдап отыр», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.
Сондай-ақ, Елбасы мен Тұңғыш Президент Аппаратының қызметкерлері Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету үшін бір күндік табысын тиісті қорға бергенін хабарлады.