Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен белгілі әдебиеттанушы-ғалым Серік Қирабаев төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ, білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне тоқталды.
Әңгімелесу барысында Серік Қирабаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Президенті өкілеттігін тоқтату туралы маңызды шешім қабылдағанын атап өтіп, оның алдағы қызметіне табыс тіледі.
Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті академик Уәлихан Қалижанды қабылдады.
Кездесу барысында Уәлихан Қалижан Нұрсұлтан Назарбаевқа М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мәлімдеді.
Елбасы академиктің төл әдебиетіміз бен өнерімізді дамытуға зор еңбек сіңіргенін атап өтіп, Қазақстанды өркендету жолындағы табысты жұмысына алғыс білдірді.