26 шіл, 2024 сағат 11:22

"Найзағаймен, бұршақпен және қатты желмен жаңбыр жауады": Бүгінге ауа райы болжамы қандай?


Фото: ашық дереккөзден

Қазгидрометтің болжауынша циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен, бұршақпен және қатты желмен жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

ҚР солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі деп отыр Қазгидромет.

Күндіз  Жамбыл, Алматы, Түркістан, Жетісу, Абай, Ұлытау  облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Павлодар облысында қатты ыстық күтіледі.

Күндіз  Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының соолтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда,  Түркістан,  Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, Жамбыл  облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде,  Абай облысының орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде  жоғары өрт өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының  оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде,   шөлді аудандарында, Қызылорда облысының  орталығында, оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.