26 нау, 2021 сағат 08:31

Наурыздың 20-24 аралығында республикалық жолдар 86 мәрте жабылды - министрлік

Наурыз мейрамы күндері ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардағы 86 учаскеде автокөліктер үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ең көп жабылған жол учаскелері бойынша бірінші орында Ақмола облысы тұр. Мұнда қозғалысқа шектеу өңірдің 29 жол учаскесінде енгізілді.

Қарағанды облысында жолдар наурыздың 20-сы мен 24-і аралығында 15 мәрте, ал Шығыс Қазақстан облысында 14 рет жабылды. 

Айта кету керек, бес күннің ішінде аталған өңірлерде жауын-шашынның айлық мөлшері түскен. 

Қыс басталғалы республикалық тас жолдардағы қозғалысқа шектеу барлығы 997 учаскеде енгізілген.