2021 жылдың 11 наурызында халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАЭ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді.
2 965 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 2 334 адам, анықтамасыз - 631 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 081; анықтамасыз - 239;
- Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 023, анықтамасыз - 297;
- Орал қаласының әуежайына – 2 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 104; анықтамасыз - 95;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында нәтижесін күтіп отыр.
Анықтамасыз келген 374 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша төрт жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Оның ішінде үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе рейсімен, бір жолаушы Анталия – Алматы рейсімен келген.